356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада грэпплинг шеберлері өзара мықтыларды анықтады

  • 279
Астанада грэпплинг шеберлері өзара мықтыларды анықтады

Әлемнің ең үздік грэпплинг шеберлері Астанада бас қосты.

Бұнда алғаш рет ашық форматтағы халықаралық турнир өтті. Яғни Азия, Еуропа, Америка құрлығынан жиналған 500-ден аса спортшы 2 күн бойы өзара мықтыны анықтады. Оның ішінде балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектердің жеке салмақ дәрежелері бар. Астанадағы бәсекенің тағы бір ерекшелігі, осы жарыс аясында командалық Әлем кубогы да ұйымдастырылды. Яғни Қазақстан, Ресей, АҚШ сияқты әлем үздіктері құрама болып жекпе-жекке шықан еді. Оның нәтижесі бойынша Ресей – бірінші, АҚШ екінші орын алды. Ал жерлестеріміз үздік үштікті түйіндеді. 

Хабар 24 телеарнасы