359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде «Ұлы дала рухы» фестивалі өтті

  • 151
Ақтөбеде «Ұлы дала рухы» фестивалі өтті

Ұлттық спорт түрлері бойынша біріншілікке батыс өңірінен 160-тан аса спортшы жиналды.

Атырау, Ақтау мен Оралдан келген қатысушылар республикалық байқауға жолдама үшін бақ сынасты. Жекпе-жек сарайында өткен қазақша күрестен Атырау командасы топ жарса, мұнайлы өлкеден тоғызқұмалақ шеберлеріне тең келетіндер табылмады. Ал асық атудан Ақтөбе командасы үздік деп танылды. Көкпар тартудан ақтық сынға Маңғыстау мен Ақтөбенің командалары шықты. Тартысты ойынның есебі – 6:2. Ақтаулық спортшылардың қанжығасы майланған. «Ұлы дала рухы» фестивалінің ақтық ойындары қыркүйек айының 12-16с-ы күндері Астанада өтеді.

Мейрамбек Махамбетов, Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі:

- Біздің Ақтөбе облысында ұлттық спорт түрлері өте жақсы дамуда. Соның бір көрінісі –осы батыс аймақтық жарыстардың Ақтөбеде өтуінің. Сонымен қатар, Ақтөбе облысында ұлттық спорт түрлері, атап айтатын болсақ, тоғызқұмалақ және басқа спорт түрлері республика бойынша жақсы дамып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы