352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» арнасы Елеусінов пен Горбич арасындағы жекпе-жекті көрсетеді

  • 425
«Хабар» арнасы Елеусінов пен Горбич арасындағы жекпе-жекті көрсетеді

«Хабар» телеарнасы Данияр Елеусінов пен Габор Горбич арасындағы жекпе-жекті көрсетеді.

2018 жылдың 4 тамызында сағат 01:00-де (тамыздың 4-нен 5-не қараған түні) «Хабар» телеарнасы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен венгриялық боксшы Габор Горбич арасындағы жұдырықтасуды көрсетеді. Бұл Данияр Елеусіновтің кәсіби рингтегі үшінші кездесуі.

Данияр мен Габор бұған дейін кездесуі керек еді, алайда венгрлік боксшының жаттығу барысында алған жарақатына байланысты спортшылар шаршы алаңға шықпаған болатын.

«Хабар» арнасындағы бокс кешінің комментаторлары Айдар Махметов пен Айбек Қабылша. 

Жекпе-жек Кардифф қаласында (Уэльс) «Ice Arena Cardiff-те» өтеді.

Данияр Елеусінов - 27 жастағы қазақстандық боксшы, кәсіби алаңдағы алғашқы кездесуі 28 сәуір күні Нью-Йоркте өтті. Кеш барысында ол қарсыласы америкалық Ноа Кидті үшінші раундта нокаутқа жіберген еді. Соңғы рет Елеусінов 6 маусым күні Лондондағы «Йорк» залында венгрлік Золтан Шабомен қолғап түйістіріп, төрешілердің бірауыздан берген шешімімен жеңімпаз атанды. Данияр британдық промоутер, Matchroom Boxingкомпаниясының иесі Эдди Хирнмен жұмыс істейді.

Габор Горбич - 30 жасар венгр спортшысы кәсіби бокстағы мансабын 2012 жылы бастады. Қазіргі таңда ол BoxRec рейтингінде бірінші орта салмақта 465 орында. Сондай-ақ ол әлемнің үздік кикбоксшылар рейтингінде жартылай орта салмақта 21 орында тұр.

Хабар 24 телеарнасы