352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда триатлоннан Азия кубогы басталды

  • 88
Алматыда триатлоннан Азия кубогы басталды prosports.kz

Алматы қаласы триатлоннан алғаш рет ірі деңгейдегі халықаралық жарысты қабылдауда. Бүгін триатлоннан «Almaty Asian Cup 2018» турнирінің алғашқы жарыс күні өтіп жатыр.

Әйелдер арасындағы сынға 16 спортшы қатысты. Нәтижесінде, алтын жүлдені Жапония елінің өкілі Ниина Кишимото жеңіп алды. Күміс жүлдені тағы бір жапониялық спортшы Хираку Фукуока иеленсе, үздік үштікті Оңтүстік Корея спортшысы Джи Юн Ки қорытындылады.

Қазақстан атынанн сынға түсетін ITU спортшысы Арина Шульгина төртінші орында. Өзге де қазақстандық спортшылардың көрсеткіші төмендегідей:

Надежда Бекмағамбетова (9-орын), Ашраф Камалова (10-орын), Анастасия Автушко (11-орын).

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы