353.64 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Погба «Барселона» клубындағы Иньестаның нөмірін таңдады

  • 188
Погба «Барселона» клубындағы Иньестаның нөмірін таңдады vesti.kz

«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Поль Погба «Барселона» клубында ойын нөмірін таңдады, - деп хабарлайды Tuttosport.

Басылым мәліметінше, испаниялық команданың техникалық директоры Эрик Абидальмен келіссөз барысында француздық хавбекке сегізінші нөмірлі жейде ұсынылған. Бұрындары бұл нөмірде каталониялық клуб сапында 22 жыл өнер көрсеткен Андреас Иньеста ойнаған.

Погба бұл ұсынысқа разы болған, трансфер іске асқан жағдайда ол испаниялықтың нөмірін алатын болып келіскен.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы