352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Токио Олимпиадасына билеттер қашан сатыла бастайды?

  • 110
Токио Олимпиадасына билеттер қашан сатыла бастайды?

Токио Олимпиадасына билеттер сатылатын уақыт белгілі болды.

Төрт жылдың байрақты бәсекесіне билеттер 2019 жылдың көктемінде сатыла бастайды. 

Сонымен қатар Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы (IAAF) 2020 жылғы Токио Олимпиадасына іріктеу жарыстарының қашан өтетінін жария етті. 

10 мың метрге жүгіру, марафон, спорттық жаяу желіс, аралас жарыстар мен эстафета 2019 жылдың 1 қаңтары мен 2020 жылдың 29 маусымы аралығында өтеді.

Жеңіл атлетикадағы өзге де қашықтықтар үшін іріктеу кезеңі 2019 жылдың 1 шілдесінен басталып, 2020 жылдың 29 маусымына дейін жалғасады. Спортшылар Токио-2020 Олимпиадасының жолдамасына иелік ету үшін IAAF рейтингінде қажетті орынға жайғасып, іріктеу кезеңіндегі нормативтерді орындауы тиіс. Квалификациялық нормативтер ағымдағы жылы бекітіліп жарияланады.  

2020 жылғы Токио Олимпиадасының ашылу салтанаты 24 шілде күні өтеді. Ал жеңіл атлетикадағы жарыстар 31 шілдеде басталады. Жақында Халықаралық Олимпиада комитетінің Атқарушы кеңесі Ойын бағдарламасының кестесін бекітіп, әрбір сессияның басталуы мен аяқталуын жария еткен.  

Кесте туралы толық мәлімет 2019 жылдың көктемінде белгілі болмақ. Жанкүйерлер билет сатып алуға 2019 жылдың көктемінде өтініш бере алады.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы