352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Барыс» командасының қатары жаңа ойыншылармен толықты

  • 264

«Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының 11 маусымында өнер көрсететін спортшыларын таныстырды.

Қыркүйек айының бесінен бастап елордалық команда 4 жаңа хоккейшімен толығады. Олардың қатарында қақпашы Доминик Граховин, шабуылшылар Кёртис Вок, Андре Петерссон және Патрис Кормье бар. Өз кезегінде хоккей клубының бас бапкері Андрей Скабелка спортшыларға әрдайым қолдау көрсететін жанкүйерлерге алғыс білдіріп, келесі маусымды барынша қызықты өткізуге уәде етті. Жиын соңында хоккейшілер алаңға шығып, жанкүйерлерімен ойын ойнады. 

Андрей Скабелка, «Барыс» ХК бас бапкері:

- Легионерлер құрамының басым бөлігі жаңартылып жатыр. Хоккей клубының жаңа ұжымы қалыптасып жатыр десем болады. Ең басты мақсатымыз плей-офф кезеңіне өту.

Андре Петерссон, «Барыс» ХК шабуылшысы:

- Бүгінгі көргенім керемет деп айта аламын. Хоккейшілерге қолдау көрсетуге өте көп жанкүйерлер келді. Өткен жылы клубта айтарлықтай қиыншылықтар болғанын білемін, бүгінде мен команданың мүшесі болып жақсы ойын көрсету үшін осында келдім. Қазір белсенді түрде жаттығып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы