359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық боксшылар қарсыластарын нокаутпен жеңді

  • 150
Қазақстандық боксшылар қарсыластарын нокаутпен жеңді prosports.kz

Екі боксшымыз Сергей Ковалев – Элейдер Альварес жекпе-жегі аясында өнер көрсетті.

Аталған бокс кеші АҚШ-тың Атлантик-Сити қаласында өтті.

Мадияр Әшкеев бірден өз басымдығын көрсете білді. Сөйтіп, төртінші раундта теxникалық нокаутпен жеңіске жетті. Қазақстандық спортшы кәсіпқой бокстағы оныншы жекпе-жегін ұтып отыр. Ал оның қарсыласы Эдуардо Флорес отызыншы рет жеңілді. Бұған дейін Мадияр Әшкеевтің қарсыласы екі рет ауысты. Бас кезінде оны америкалық боксшы Клеотис Пендарвиспен (21-4-2, 9 КО) бокстасады деген. Артынан мексикалық Фернандо Каркамомен (23-8, 18 KO) ауыстырды. Ақыр соңында эквадорлық Эдуардо Флоресті (26-29-4, 15 КО) шығарды.

Ал Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы сегізінші жеңісін тойлап отыр. Оған қарсы доминикандық Хонатан Батиста (17-14, 10 КО) шықты. Мейірім Нұрсұлтанов өз қарсыласын бірден қыспаққа алып, ауыр соққыларын дарыта білді. Ал екінші раундта Батистаны нокдаунға түсірді. Доминикандық боксшы үшінші раундтқа шығудан бас тартты. Осылайша, қазақстандық боксшы теxникалық нокатупен жеңіске жетті.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы