352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ӘЧ-2018 үздік ойыншысы Роналдудың соңынан Италияға кететін болды

  • 107
ӘЧ-2018 үздік ойыншысы Роналдудың соңынан Италияға кететін болды

Футболдан Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич «Реал» басшылығына мадридтік клубтан кеткісі келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Gazzetta dello Sport.

Басылымның мәліметінше, Лука Модрич жаттығуға келуі тиіс болған, бірақ ол дайындыққа келмеген.

Сондай-ақ Миланның «Интер» клубының 32 жастағы ойыншыға қызығушылық танытқаны айтылады. Басылымның мәліметінше, италиялық клуб футболшыға жылына 10 миллион еуро жалақы береміз деп ұсыныс жасап отыр. Алайда футболшы ол үшін 4 жылға келісімшартқа отыруы тиіс екен.

Айта кетейік, таяуда Криштиану Роналду да «Реал» командасынан Италияға ауысқан болатын. Ол «Ювентуспен"» төрт жылға келісімшартқа отырды. Осылайша оның жалақысы жылына 30 миллион еуроға жететін болады.

Ақпарат көзі: kaz.vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы