352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Роман Григорчук: Алдағы матчта жеңіске жету үшін барымызды саламыз

  • 83

«Астана» чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтуді қалайды. Ол үшін екі өткелден өту керек. Елордалық команда бүгін өз алаңында Загребтің «Динамосын» қабылдайды.

Бұл үшінші іріктеу кезеңі аясындағы матч болмақ және жеңімпазы плей-оффқа шығады. Сондықтан қос команда да «Астана Аренада» барын салады. Негізі хорватиялық клуб ішкі біріншілігінде қарсылас шақ келтірмейді, 15 мәрте чемпион атанды. Олардың футбол академиясы Еуропадағы үздік бестіктің қатарында. Соған қарамастан Роман Григорчук кездесу өз командасының басымдығымен аяқталарына сенімді. Матч алдындағы баспасөз мәслиханда қос клубтың бас бапкері де қарсыластарына аса құрметпен қарайтынын және әр тарап алдағы ойынға қатысты өзіндік жоспар құрып қойғанын жеткізді.

Роман Григорчук, «Астана» клубының бас бапкері:

- Футболшылар арасында мынадай қағида қалыптасқан. Егер алғашқы матч сырт алаңда, ал қарымта матч өз алаңында өтсе, басымдық сенің жағыңда болады деген. Бірақ менің тәжірибемде керісінше жағдайлар көп орын алды. Сондықтан алдағы матчта жеңіске жету үшін барымызды саламыз. Тыңғылықты дайындалдық. Тиісті жоспарды құрдық. Енді нәтижелі ойнап, соның жемісін көру ғана қалды.

Ненад Белица, «Динамо» клубының бас бапкері:

Біздің командада жас ойыншылар көп. Мен оны артықшылығымыз деп санаймын. Өйткені олар алаңда аса белсенді болады. Сонымен қатар әрқайсысының үлкен тәжірибесі бар. Сондықтан жігіттер сенімді ақтап, жеңіспен ораламыз деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы