359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде спорттық кешеннің құрылысы жүріп жатыр

  • 89
Семейде спорттық кешеннің құрылысы жүріп жатыр

Семейде енді Абай атындағы спорттық кешен де болады. Жаңа нысан Қарағайлы ықшам ауданында бой көтере бастады.

Дәл қазір құрылысшылар оның металл тіректерін орнатып жатыр. Спорттық кешеннің жалпы аумағы 14 мың шаршы метрді құрайды және ол негізгі үш бөліктен тұрады. Оның біреуіне жүзу бассейні салынбақ. Бас-қасында жүрген мамандарың айтуынша, спорт кешені барлық халықаралық талапқа сай болады және 5 мың адамды қабылдай алады. Жаңа нысанның игілігін жергілікті тұрғындар 2 жылдан кейін көреді. Өйткені, дәл осы аралықта құрылыс жұмыстары толық аяқталады деп жоспарланып отыр. 

Николай Ушаков, Семей қаласы әкімінің орынбасары: 

- Құрылыс жұмыстары толықтай жоспарға сай жүріп жатыр. Қазірдің өзінде 3 корпустың да металл тіректері орнатылды. Алдағы уақытта да осы қарқыннан таймай, барлығын белгіленген мерзімде аяқтаймыз деп үміттенемін.

Хабар 24 телеарнасы