352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та Citi Open теннис турнирі аяқталды

  • 92
АҚШ-та Citi Open теннис турнирі аяқталды

Америка төріне әлемнің ең үздік теннисшілерін жинаған халықаралық турнир аяқталды.

Осыдан бірер күн бұрын әйелдер арасындағы жеңімпаздың есімі белгілі болған еді. Жарыс нәтижесі бойынша ресейлік Светлана Кузнецова топ жарды.

Айта кеткен жөн, бұл сында қазақстандық Юлия Путенцева үшінші айналымға дейін жетті. Ал ерлер арасында германиялық Александр Зверевтің жолы болды. Ол финалық сында австралиялық Алекс де Минаурмен жолыққан болатын. 73 минутқа созылған ойын 6:2, 6:4 есебімен аяқталды. Осылайша, Зверев өзінің кәсіпқой мансабындағы 9-шы бас жүлдесін иемденді. Айтпақшы, өткен жылғы Вашингтондағы халықаралық турнирде де дәл осы спортшы жеңіске жеткен болатын.

Александр Зверев, жарыс жеңімпазы:

Жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Жалпы осы турнирде өзімді жеңіл және еркін сезіндім. Бірақ, Алекс осал қарсылас емес екен. Біраз тер төгуге тура келді.

Хабар 24 телеарнасы