352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Astana - Paris» велошерушілері Ресейге бет алды

  • 118
«Astana - Paris» велошерушілері Ресейге бет алды

Елордадан бастау алған халыақаралық Blind Race Astana Paris веломарафонына қатысушылар Қостанайға келіп жетті.

Олар Тобыл өңірінде сәл аялдап, баспасөз мәлихатын өткізді. Одан кейін көзі нашар көретін және зағип жандардан құралған топ Ресейге қарай бет алды. Олар осы сапар барысында бес мың шақырымды жүріп өтіп, 6 мемлекеттің 30 қаласында болады. Бір жарым айға созылатын велошеру қыркүйектің ортасында Парижде өз мәресіне жетеді. Бұл шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, қоршаған ортаны қорғауға, паралимпиада спорт түрлерін дамытуға шақыру.

Бахтияр Базарбеков, «Шекарасыз спорт» командасының капитаны:

- Біздің команда инклюзивті, яғни көзі көретін адам велосипедті басқарса, зағип жан бар күшін салып, педальді айналдырады. Біз осылай кім-кімнің де спортпен айналысу мүмкіндігі бар екендігін көрсеткіміз келді. Алдына мақсат қоя білсе, білім алып, қызмет істеу, тіпті жаңа жұмыс орындарын ашу қолдан келер іс.

Хабар 24 телеарнасы