352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуропа лигасы: «Қайрат» Чехияда «Сигмамен» кездеседі

  • 106
Еуропа лигасы: «Қайрат» Чехияда «Сигмамен» кездеседі

Бірер сағаттан кейін алматылық «Қайрат» Еуропа лигасы аясындағы кезекті кездесуін өткізеді.

Қазақстандық клуб үшінші іріктеу кезеңінде чехиялық «Сигмамен» жолығады. Қос мықты арасындағы алғашқы матч сырт алаңда болады. Мамандар басты фаворит алаң иесі деп санайды. Өйткені чехиялық клуб жақында ғана жаңа ойыншылармен толықты. Оломоуц қаласындағы матч біздің уақытпен 23:00-де басталады. Кейін араға тура 1 апта салып қос команда Алматыда кездеседі. Соның қорытындысы бойынша алға шыққан клуб Еуропа лигасының топтық кезеңіне тағы бір қадам жасап көреді. Яғни осы ойынның жеңімпазы топтық кезең жолдамасын испаниялық «Севилья» мен литвалық «Жальгирис» арасында мачтың үздігмен сарапқа салады. 

Хабар 24 телеарнасы