359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада Анатолий Храпатыйға ескеркіш тақта қойылды

  • 161

Аты аңызға айналған ауыр атлет есімі өмірінің соңғы жылдарын өткізген тұрғын үй қабырғасына ілінді.

Салтанатты шараға спортшының көзін көрген әріптестері, шәкірттері, достары мен туыстары жиналды. Олар өз естеліктерімен бөлісіп, ескерткіш тақта жанына гүл шоқтарын қойды. Айта кетейік,  Анатолий Храпатый Ақмола өңірінен шыққан 5 дүркін әлем чемпионы, 5 дүркін Еуропа чемпионы және олимпиада ойындарының жеңімпазы. Көзі тірісінде төрткүл дүниеге танымал спортшыларды тәрбиелеп үлгерді. Енді оның еңбек жолын кеңінен насихаттап, ізбасарларын дайындау үшін Анатолий Храпатый атындағы дәстүрлі республикалық чемпионат ұйымдастырылмақ. Алғашқысы ертең Алматыда басталады. Бұған қоса мамандар алдағы уақытта Анатолий Храпатый есімін Астанадағы көшелердің біріне беруші жоспарлап отыр.

Димаш Сұлтанов, ҚР ауыр атлетика федерациясының атқарушы директоры:

- Анатолий Храпатый – біртуар азамат. Өкінішке орай, қазір қатарымызда жоқ. Бірақ ылғи ол кісінің есімі мәңгілікке тарихта, біздің есімізде қалады.

Марат Әубәкіров, Астана қаласы ауыр атлетика федерациясы президентінің орынбсары:

- Қазір Қазақстан дүниежүзінде футболдан 2 не 3-орын алады десе күлеміз. Ал ауыр атлетикада әлемге танымал халықпыз. Болашақта Анатолийдің ізін басып, талай қазақ жігіттер шығады.

Хабар 24 телеарнасы