352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Канело» қашып жүретін боксшыға айналған – Абель Санчес

  • 129
«Канело» қашып жүретін боксшыға айналған – Абель Санчес Sports.kz

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) бапкері Абель Санчес мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің (49-1-2, 34 КО) екінші кездесуде де пассив боксшы болатынын айтады.

Бұл туралы LA Times-қа сілтеме жасай отырып, Vesti kz хабарлайды.

«40 жекпе-жекте Альварестің стилі басқа еді, енді міне, ол қашып жүретін боксшыға айналды. Кездесуге дейін фанаттарға берген уәдесімен жекпе-жекте көрсететіні мүлде екі бөлек нәрсе. Головкинді құлатамын деді ме, бағын сынап көрсін. Менің ойымша, бұл жолы да «Канело» агресивті жұдырықтаса қоймайды. Қашып жүргені үшін фанаттар әлеуметтік желіде оны жерден жерге салып жатыр. Ол осылай жалғастыратын болса, жанкүйерлер оны аяй қоймас. Осы қалпында жалғастырғысы келсе өзі білсін. Біз оған ештеңе істей алмаймыз», - деді Санчес.

Қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесуі 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кіл мықтыны анықтай алмаған еді.

Хабар 24 телеарнасы