352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Каратэші бапкерлер тәжірибе алмасу үшін елордада бас қосты

  • 150

Астанада киокушинкай-кан каратэден бапкерлердің оқу-жаттығу жиыны болып өтті.

Еліміздің барлық аймағынан жиналған 45 маман республикалық федерацияның  спорттық базасында бір апта бойы шеберліктерін шыңдады. Тәжірибе алмасты. Бағдарлама бойынша оқу-жаттығу күніне 3 мезгіл өтті. Оның ішінде каратэнің қыр-сыры, балалармен жұмыс, спорттық психология, алғашқы медициналық көмек және құжат айналымына қатысты ілімдер бар. Енді шығыс жекпе-жегін жетік білетін мамандар осында үйренгендерін  жаңа оқу жылынан бастап өз шәкірттерімен бөліседі. 

Ерғали Досымжан, оқу-жаттығу жиынына қатысушы:

- Ең бастысы бұл жерде кішкентай балалармен жұмыс жасау. Жаңа айтқандай алғашқы көмек көрсету, оларды осы спортқа қызықтыра білу. Шымкент қаласынан жалғыз өзім келдім. Құдай қаласа, осында үйренгендерімді сол жақтағы бапкерлерге жеткіземін.

Хабар 24 телеарнасы