356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таэквондошылар Токио Олимпиадасының жолдамасына таласты бастайды

  • 201

Қазір Оңтүістік Корея елінде Ким Ун Ён атындағы халықаралық турнир өтіп жатыр.

Бұл азамат бір кездері халықаралық олимпиада комитетін басқарған және жапон жекпе-жегінің жазғы ойындар бағдарламасына енуіне себепкер болған. Сондықтан оның атындағы жарысқа 56 елден 3300-ге жуық таэквондошы жиналды. Оның шінде 3 қазақстандық спортшы бар. Алматы облысынан аттанған таэквондо шеберлері жүлделі орындарға таласып, әлемдік рейтингтегі орындарын жақсартуға тырысады. Өйткені рейтинг Токиода өтетін байрақты бәсекенің жолдамасын алуға тікелей себеп болады. 

Нұрлан Есілбай, Алматы облыстық таэквондо федерациясының президенті:

- Қазақстанды көрсетуге келдік. Дайындығымыз жаман емес. Алла бұйырса Қазақстан атынан ұтамыз деген ойда келіп отырық. 2020-ға дайындық жүргізіп, соған дайындалып келіп отырық. Балаларды әр неден өткізуіміз керек, даярлығын көру керек.

Хабар 24 телеарнасы