352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда грэпплингтен чемпионат өтті

  • 133

Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстан өңірінің грэпплинг шеберлері Павлодар қаласында бас қосып, 2 күн бойы өзара мықтыны анықтады.

Аймақтық чемпионатқа бразилия жекпе-жегін өміріне серік қылған 200-ге жуық спортшы жиналды. Олар Грэпплинг және Грэпплинг Ги бәсекелері бойынша сынға түсті. Оның қорытындысы бойына жалпы есепте жергілікті спортшыларға жетер ешкім болмады. Әсіресе, «BEK TEAM» академиясының шәкірттері 20 алтын медальды олжалады. Сонымен балалар арасындағы жарыс жеңімпаздары күзде Астанада өтетін әлем чемпионатына қатысады. Ал ересектер арасындағы жүлдегерлер енді өз күшін республикалық «Қазақ Батыры» чемпионатында сынап көреді. Ол 18-19 тамыз күндері Астанада өтеді.

Заирбек Абылкадиров, жарысты ұйымдастырушы:

- Жекпе-жектер өте тарысты өтті. Өйткені «Қазақ батыры» чемпионатына барлығы да барғысы келеді. Әсіресе жас балалардың талпынысына риза болдым. Мен ойлаймын жақын болашақта біздің елден әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті грэпплинг шеберлері шығады.

Хабар 24 телеарнасы