352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Рой Джонс бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының боксшыларымен кездесті

  • 153
Рой Джонс бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының боксшыларымен кездесті

Төрт салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы әрі 1988 жылы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Рой Джонс  бокстан Қазақстан құрамасымен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының (ҚБФ) баспасөз қызметі.

Америкалық былғары қолғап шебері Астанадағы ұлттық құраманың базасына қарағандылық «Шахтер» футбол клубының жейдесін киіп келген. 

«Джонс базаға күтпеген жерден келді. Негізі оны басқа бір спорттық шараның қонағы болуға шақырған, алайда Азиадаға дайындық шаралары жүріп жатқанын есітген ол біздің боксшыларымызбен жүздесуді қалаған», – делінген ҚБФ ресми сайтында. 

Базада Джонс боксшылармен және ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановпен сөйлесті. Ол құрамаға Азия ойындарында абыроймен өнер көрсетуді тіледі. 

Хабар 24 телеарнасы