369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Герасименко үстел теннисінен әлемдегі ең үздік 50 спортшының қатарына кірді

  • 98
Герасименко үстел теннисінен әлемдегі ең үздік 50 спортшының қатарына кірді

Қазақстандық Кирилл Герасименко үстел теннисі бойынша әлемдегі ең үздік 50 спортшының қатарына кірді.

Айта кеткен жөн, жерлестеріміз арасынан ешкім бұрын-соңды бұндай жетістікке жеткен жоқ. Тіпті алдыңғы жүздіктің қатарына енудің өзі арман болатын. Ал Кирилл осы арманға қол жеткізе алды және онымен тоқтап қалмақ емес. Ол алдағы жоспарларын «Sports Nation» бағдарламасындағы әріптестерімізге айтып берді. Сұхбат барысында отандық үстел теннисінің әлеуеті де сөз болды. Бағдарламаның толық нұсқасын Kazakh TV арнасынан ертең сағат 9:20, 15:20 және 21:25-те көре аласыздар.

Кирилл Герасименко, үстел теннисінен ұлттық құраманың мүшесі:

- Азаматтық ауыстыруға қатысты басқа елдерден ұсыныстар болды. Оның ішінде Нидерланды, Ресей және Австрия бар. Бірақ мен түбегейлі бас тарттым. Өйткені өзім туып-өскен елдің намысын қорғағым келеді.

Хабар 24 телеарнасы