352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемдегі ең мықты таэквондо шеберлері Сеул төрінде бас қосты

  • 199

Әлемдегі ең мықты таэквондо шеберлері Сеул төрінде бас қосып, өзара мықтыны анықтады.

Ким Ун Ён атындағы халықаралық турнирге 56 елден 3300-ге жуық қатысушы келді. Оның ішінде 3 қазақстандық спортшы бар. Алматы облысынан барған жерлестеріміздің ешқайсысы жүлдеге іліге алмады. Айзере Іргебай ширек финалда Гонконг өкіліне жол берсе, Нұрлан Жұмабай мен Диас Кұрманғазы іріктеу сындарынан сүрінді. Есесіне 3 спортшы да әлемдік рейтингдегі дәрежесіне 6 ұпайдан қосты.

Айта кеткен жөн, бұл рейтинг Токиода өтетін байрақты бәсекенің жолдамасын алуға тікелей сеп болады.

Берікжан Құттыбаев, Алматы облыстық таэквондо федерациясы президентінің орынбасары:

- Бізде жақсы спортшылар өте көп. Қазір жұмыс істеп жатырмыз. Жарыстарға оларды көп апарамыз. Қыркүйекте Атырауда «Қазақстан Опен» бар. Содан кейін қарашада Франция Опен бар, содан кейін Дубайда «Фуджероә. Алматы облысының спортшыларын халықаралық жарыстарға көп шығарамыз.

Хабар 24 телеарнасы