356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанадағы «Қазақ батыры» чемпионатына 100-ден аса қатысушы келеді

  • 114
Астанадағы «Қазақ батыры» чемпионатына 100-ден аса қатысушы келеді

Ашық аспан астындағы бразилиялық айқас. Қазақстанның Грэпплинг федерациясы Астана тұрғындары мен қонақтарына осындай ерекше шоу сыйламақ.

Яғни «Қазақ батыры» деп аталатын чемпионатты ұйымдастыруға Есіл жағалауындағы амфитеатр таңдалып отыр. Енді бірер күннен кейін еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған грэпплинг шеберлері дәл осы жерде өзара мықтыны анықтайды. Қазір бұнда соңғы дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кеткен жөн, бұл Астана төріндегі амфитетрда тұңғыш рет өткізілгелі тұрған спорттық шара. Ал жарыстың өзінде келер болсақ, оған 100-ден аса қатысушы келеді және оның жеңімпаздары алдағы әлем чемпионатында ел намысын қорғауға мүмкіндік алады.

Қанат Алин, ҚР Грэпплинг қауымдастығының президенті:

Чемпионат 18-19 тамыз күндері өтеді. Біз оның форматы мен ауқымын ескере отырып, көпшілік үшін ерекше әсер сыйлайтын шоу боларына сенімдіміз. Осылайша, өз батырларымызды анықтап алмақпыз. Кейін жарысты жыл сайын дәстүрлі өтікізіп тұру да жоспарда бар.

Хабар 24 телеарнасы