361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан құрамасы минифутболдан Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты

  • 101
Қазақстан құрамасы минифутболдан Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты elorda.info

Кәрі Құрлықтың ең мықты командалары қазір Украинада өзара мықтыны анықтап жатыр.

Жерлестеріміз топтық кезеңдегі соңғы кездесуін Босния және Герцеговина аяқдопшыларына қарсы өткізген болатын. Тартысты өткен матчта бірінші боп Нұрбек Қарағұлов мергендігімен көзге түсті. Ал қарсылас команда ойын соңына дейін таразы басын теңестірудің амалын тапты. Қорытынды есеп:1:1. Осының өзі Қазақстан құрамасының ширек финалға шығуына жеткілікті. Өйткені жерлестеріміз осының алдында Албания және Ирландия командаларынан басым түсіп, Болгариямен тең ойнаған еді. Енді ширек финалда Сербия құрамасымен жолығады.

Дидар Сыдықбек, Қазақстан құрамасының ойыншысы:

Бүгінгі ойын Босния құрамасымен өте тартысты өтті өздеріңіз көргендей. Босния алдыңғы мундиальдарда Еуропа әлем чемпионаттарында өздерін жақсы құрама ретінде көрсетіп және бүгінгі ойында оны дәлелдеді. Құдайға шүкір, біз алдағы кезеңге шықтық. ¼ кезеңіне шықтық.

Хабар 24 телеарнасы