363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Азиада-2018: жеңімпаздарымыз 10 мың доллар сыйақы алады

  • 220

Жазғы Азия ойындарының жеңімпаздарына Мәдениет және спорт министрлігі 10 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы береді.

Сондай-ақ қаржылай марапат күміс және қола жүлдегерлерге, олардың жаттықтырушыларына да тағайындалмақ. Төрт жыл сайын өтетін алып дода бүгін Индонезияда басталып, екінші қыркүйекке дейін жалғасады.

Отандастарымыз әр төрт жыл сайын байрақты бәсекеде бақ сынап, талай мәрте еліміздің даңқын асқақтатып келеді. Енді биылғы додада ел намысын 440 спортшы қорғайды.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Азия ойындарында жоғары нәтиже көрсету біздің елдің спортшылары үшін дәстүрге айналды. Жарыстағы спорт түрлері бойынша үнемі алдыңғы қатардан көрініп жүрміз. Ал биыл Азия ойындарының тізіміне құзға шығу, стритбол сияқты жаңа спорт түрлері қосылды. Бұл бағыттар біздің елде енді ғана дамып келе жатыр. Сондықтан қорытынды нәтижеге әсер етуі мүмкін.

Ал Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Жарасбаевтың пікірінше, біздің спортшылар төртінші орынға табан тірейді. Әдетте үздік үштіктен Жапония, Қытай және Корея елінің азаматтары көрінеді. «Десе де еліміздің беткеұстар спортшылары алтын медаль санын көбейтуі тиіс», – дейді төраға.

Азия ойындары Джакарта және Палембанг қалаларында екінші қыркүйекке дейін жалғасады. Осы аралықта 462 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Авторлары: А.А. Аят Дүйсенбаев

Хабар 24 телеарнасы