359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шағын футболдан Қазақстан құрамасы Сербиядан басым түсті

  • 107

Киевте шағын футболдан Еуропа чемпионатына қатысып жатқан Қазақстан құрамасы Сербия командасын 2:1 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды.

Жерлестеріміз ойынның соңына дейін жеңісті қолдан бермеудің түрлі тәсілдерін көрсетті. Нәтижесінде алғашқы голды қарсылас қақпасына бірінші таймның 20-минутында Нұрбек Қарағұлов салды. Алайда еуропалық аяқдопшылар да қарап қалмай, бірінші таймда есепті теңестіріп үлгерді. Дегенмен өрендеріміз екінші таймның аяқталуына санаулы минут қалғанда қарсылас қақпаға гол соғып үлгерді.

Нұржан Әбдірасилов, Қазақстан құрамасының ойыншысы:

- Сербтердің бойлары ұзын, ірі келеді. Қақпамызға голды да ауадан өткізіп алдық. Ойын соңына алты минут қалған кезде Дастан Дарабаев, Қазақстан құрамысының капитаны салқынқандылық көрсетіп, қақпашының бойынан асырып, әдемі гол салды, 2:1 есебімен жартылай финалға шықтық. Румыния құрамасымен кездесеміз.

Хабар 24 телеарнасы