356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қазақ батыры»: елордада үздік грепплингшілер анықталады

  • 108
«Қазақ батыры»: елордада үздік грепплингшілер анықталады

Астанада грэпплингтен «Қазақ батыры» чемпионаты өтіп жатыр.

Бұл – қазақ күресіндегі «Қазақстан барысы» сияқты бразилиялық жекпе-жек бойынша үздіктерді анықтайтын жарыс. Дәл осындай форматта алғаш рет ұйымдастырлып тұрған шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық қатысушы келді. Олар – өз аймақтарындағы іріктеуден сүрінбей өткендер. Тағы бір ерекшелігі, жекпе-жектер ашық аспан астында өтіп жатыр. Яғни мықтылардың мықтысын анықтайтын алаң ретінде Есіл жағасындағы амфитеатр таңдалған. Чемпионат 2 күнге жалғасады. Ал оның жеңімпаздары «Қазақ батыры» деген атақтан бөлек алдағы әлем чемпионатында ел намысын қорғауға мүмкіндік алады.

Бақдәулет Абызов, жарысқа қатысушы:

- Екі түрі бар. Біреуі кимоносыз, екіншісі кимономен. Өзім 100 келіде күресемін. Жарысқа келер болсақ, жақсы ұйымдастырлып жатыр. Бірінші рет болып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы