361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемнің экс-чемпионы Головкин мен Альварес реваншына болжам жасады

  • 120
Әлемнің экс-чемпионы Головкин мен Альварес реваншына болжам жасады Prosport.kz

Жартылай орта салмақта әлемнің экс-чемпионы америкалық Шон Портер Головкин мен Альварестің реваншына қатысты өз болжамын жасады, деп хабарлады Vesti.kz

«Менің ойымша, реваншта «Канело» жеңетін сияқты. Бірінші жекпе-жекте Головкин жеңді деп есептеймін, бірақ ол жекпе-жектегі кейбір раундтар былай болды: «Жарайды, бұл раундты Геннадийге берейін, солай-ақ болсын». Білесіз бе, шындығына келер болсақ, ұпайды «Канелоға» беруге болатын раундтар да болды.

Головкиннің қорғанысы нашар және алыс қашықтықтан көп соққы жіберіп алады деп есептеймін. «Канело» болса шапшаңырақ және қорғануға баса назар аударатын болады. Менің ойымша, ол Головкиннің соққыларының күшіне дайын болады. Сен қарсыласыңның жылдамдығын бір рет көргеннен кейін, келесі жолы соған қарай ыңғайлана аласың. Сондықтан «Канело» қажетті өзгерістерді енгізеді деп күтемін», – деді Портер Fight Hub TV телеарнасына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренада өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кімнің мықты екенін анықтай алмаған еді.

Хабар 24 телеарнасы