352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Роналду «Ювентустағы» алғашқы ресми ойынында гол соға алмады

  • 93

Португалдық футболшы Криштиану Роналду «Ювентус» сапындағы алғашқы ресми ойынына қатысты.

«Кьево» командасына қарсы (І тур) сырт алаңда өткен ойында туриндік клуб 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Ойында бірінші голды 3 минутта Сами Хедира соқты. Алайда алаң иелері бірінші тайм аяқталғанша таразы басын теңестіріп үлгерді. 38 минутта Мариуш Стемпиньски соққан голды төреші есепке алды.

56 минутта «Кьево» командасы сапынан Эмануэле Джаккерини пенальтиді сәтті орындап, есепте алға шықты. 75 минутта «Ювентустың» шабуылы голмен аяқталды. Алаң иелері қорғаушысы Маттиа Бани автогол соғып алды. Ал ойын аяқталар тұста Федерико Бернардески туриндік клубқа жеңіс сыйлаған голды соқты.

Айта кеткен жөн, туриндік клуб сапына осы жазда ауысып келген Роналду алғашқы ресми ойынына қатысты. Гол соғып, көзге түсе алған жоқ. Футболшы «Ювентуста» жылына 30 миллион еуро еңбекақы алады.

Хабар 24 телеарнасы