352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семсерші Д.Алексанин Азиаданың финалына шықты

  • 118
Семсерші Д.Алексанин Азиаданың финалына шықты Olympic.kz

Қазақстандық шпагашы Дмитрий Алексанин Джакартадағы Азия ойындарының финалына өтті.

Аса тартысты өткен жартылай финал кездесуінде Алексанин Оңтүстік Корея өкілі Джунг Джинсунды 15:13 есебімен жеңді.

Джунг Джинсун Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы атанған өте тәжірибелі спортшы. Ол тағы бір қазақстандық спортшы Руслан Құрбановты бір ұпай айырмашылығымен жеңіп кеткен болатын. 

Сондай-ақ биылғы Азия біріншілігінің финалдық сынында Алексанин тап осы спортшыдан ұтылған. 

Бүгін тәжірибелі қарсыласынан есе қайтарған Дмитрий Алексанин Азия ойындарының алтынына таласады.

Olympic.kz

Хабар 24 телеарнасы