352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда футзалдан студенттер арасында әлем чемпионаты басталды

  • 406

Алматыда футзалдан студенттер арасындағы әлем біріншілігі басталды. Байрақты бәсекенің ресми ашылу салтанаты «Алматы-Арена» кешенінде өтті.

Оған қала әкімі Бауыржан Байбек пен білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қатысып, барлық командаларға сәттілік тіледі. Жиылған қауым Денис Тенді еске алған соң, ортаға көк туымызды өрендеріміз алып шықты. Студенттер арасындағы дүниежүзілік жарыс тек біздің елде ғана емес, жалпы ТМД аумағында тұңғыш рет өтіп отыр. Әлемнің әр бұрышынан келген 16 елдің студенттер құрамасы енді бір апта бойы өзара бақ сынап, өзара мықтыны анықтайды. Дүбірлі жарысқа арнайы келген Халықаралық студенттік спорт федерациясының мамандары жарыстың ашылу салтанаты өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған деп, ризашлық білдірді.

Дмитрий Киселев, FISU тексеру комиссиясының мүшесі:

- Мен осы футзалдан стденттер арасындағы көптеген әлем чемпионатына бардым. Бірақ дәл бүгінгідей керемет әсер алған емеспін. Бүгінгі жарыстың ашылуы бұрын-соңды болмаған десем қателеспеймін. Мынадай зәулім спорт кешенінде бәрі өте керемет болды.   

Қайрат Закирьянов, ҚР Студенттік спорт федерациясының президенті:

- Қысқы Универсиада өткенде біз айтқанбыз рекорт қойдық деп. Ең көп мемлекет қатысты. Ең көп қатысушылар болды. Биылда міне рекорд жасап отырмыз. Спортшылар  келіп қатысып отыр. Біздің студент құрама командасы да жаман емес. Ойымызша мынау  призовой орындарға таласуға мүмкіншілігіміз бар.

Хабар 24 телеарнасы