361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада грепплингтен «Қазақ батыры» чемпионаты аяқталды

  • 142

Оның қорытындысы бойынша он үш салмақ дәрежесіндегі ел үздіктері анықталды.

Әсіресе жеңіл салмақтағы Нариман Мыңбаев, Айбар Оразалы және Данияр Кәріпжановтарға жетер ешкім болмады. Ал ауыр және аса ауыр салмақта Қажығали Төлешев, Бақдәулет Абызов пен Сәулет Абусалиховтардың жолы болды. Қыздар арасында Алматы, Астана және Ақтөбе өңірінен келген грэпплинг шеберлері жақсы өнер көрсетті. Аталған спортшылар «Қазақ батыры» деген атақтан бөлек алдағы әлем чемпионатында ел намысын қорғауға мүмкіндік алды. Дүниежүзілік дода қыркүйек айында Астанада өтеді.

Қанат Алин, ҚР Грепплинг қауымдастығының президенті:

- «Қазақ батыры» деген чемпионат елімізде алғаш рет ұйымдастырылып тұр және форматы жағынан алдыңғы жарыстардан әлдеқайда ерекше. Яғни республикалық жарысқа қатысу үшін әр спортшы аймақтық іріктеуден өтті. Сөйтіп, әр салмақ бойынша ең үздік деген 8 грэпплинг шебері ғана Астанада кездесіп отыр. Жарыста топ жарғандар енді алдағы әлем чемпионатында да ел намысын абыроймен қорғайды деген сенімдемін.

Хабар 24 телеарнасы