363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таеквондошы Фариза Алдоңғарова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

  • 150
Таеквондошы Фариза Алдоңғарова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды olympic.kz

Джакарта мен Палембанг қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті.

Таеквондошы Фариза Алдоңғарова Азиаданың қола жүлдегері атанды. Бұл туралы деп Olympic.kz хабарлайды.

Жартылай финалда Фариза тайпейлік спортшы Су Поядан 6:11 есебімен жеңіліп, үздік үштікке енді.

Осылайша, қазақстандық таеквондошы Азия ойындарының қола жүлдегері атанып отыр. Бұл биылғы Азия ойындарындағы Қазақстан құрамасының қоржынына түскен 5-ші жүлде!

Ширек финалдық сында жерлесіміз Иран өкілі Шейда Элахені 11:3 есебімен жеңген болатын.

Өкінішке қарай, Елдос Ысқақ (58 келі) ширек финалда кореялық спортшыға 9:11 есебімен жол берді.

Хабар 24 телеарнасы