352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда Құрбан айтқа орай марафон ұйымдастырылды

  • 195
Талдықорғанда Құрбан айтқа орай марафон ұйымдастырылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Талдықорған өңірі бойынша өкілдігі Құрбан айт мерекесіне орай марафон ұйымдастырды.

Оған жүзден астам тұрғын қатысты. Айт намазынан шыққан жұрт қала көшелерімен 4 шақырымдық жарыс жолын жүгіріп өтті. Бас жүлдегер шипажайға жолдама алса, қалған үш орынға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Ал жасы алпыстан асқан марафоншылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға ынталандыру сыйлықтары берілді. Сондай-ақ Талдықорғанда қасапшылар жарысы мен бүгінгі мейірім мен құт-берекенің мерекесі құрбан айтқа арналған түрлі қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Мәселен, № 24-бағыт бойынша қатынайтын 7 автобус адамдарды тегін тасымалдауда. Бұл іске такси қызметтері де өз үлестерін қосып жатыр.

Олжас Ержан, марафон жеңімпазы:

- Марафон шарасын ұйымдастырды. Жақсы өтті. Рахмет осы жарысты қауымның ұйымдастырып жатқанына. Келесі құрбан айтқа аман-есен жетейік. Құтты болсын айт мейрамы!

Ардақ Нүсіпханұлы, ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы:

- Одан бөлек қалалық мешіттерде осы Құрбан айт мерекесі үшін көптеген спорттық шаралар ұйымдастырылып жатыр. Аудандарда бәйге, көкпар ұйымдастырылып жатыр. Теңге алу, қазақ күресі өтіп жатыр. Қаламызда 24-маршруттың 7 қоғамдық көлігі адамдарды кешке дейін тегін тасымалдайды. Мұның бәрі құрбан айт құрметі үшін болып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы