352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордалықтар Құрбан айт мерекесінде ұлттық спорт түрлерінен жарысты

  • 135
Қызылордалықтар Құрбан айт мерекесінде ұлттық спорт түрлерінен жарысты

Құрбан айт мерекесін Сыр жұртшылығы да көтеріңкі көңіл-күймен бастады.

Ұлық мерекеге арналған шаралардың бірсыпырасы Ақмешіт-Сырдария мешітінің ауласында өтті. Таңсәріден мешітке жиналған жұрт алдымен айт намазына қатысты. Одан кейін ұлттық спорттық шаралар басталды. Ақшаңқай киіз үйлер тігіліп, қала тұрғындарына арнап дастархан жайылды. Мерекелік дәмнен кейін жастар жағы арқан тарту, асық ату, кір тасын көтеруден және қазақ күресінен өзара мықтыны анықтады. Жеңімпаздар арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Одан әрі қасиетті мерекені өңір өнерпаздары көркемдей түсті. Мешітке жиылған қауым әсіресе әжелер ансамблінің өнеріне ерекше қошемет көрсетті. Сахна төріне көтерілген Ақмешіттің ақын-жыршылары да сөз маржанын тізбектеп, өлең-жырдан шашу шашты. Ұйымдастырушылар мұндай тағылымды шаралар 3 күн мерекеде жалғасын табады,-дейді.

Болатбек Әбуов, ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы:

- Осы айттың екінші күні Қазалы ауданында бізде футболдан айттың құрметіне жарыс болады. Айттың үшінші күнінде де қаламызда құран жарысынан облыстық жарыс өтеді. Ел болып, халық болып, бірауыздан осыны тойлап, елІміз үшін жақсы дұға, тілек тілеп, бір-бірімізге зиярат етіп, бір-бірімізге қонаққа барып, сондай шат-шадыман болатын ұлық күн.

Хабар 24 телеарнасы