356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді

  • 215
Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстанның ерлер құрамасы футзалдан студенттер арасындағы әлем чемпионатында екінші рет жеңіске жетті.

Отандастарымыз Жаңа Зеландияға қарсы ойнап 2:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Матч Almaty Arena спорт кешенінде көптеген жанкүйерлердің қолдауымен өтті. Ойындағы есеп 18-минутта Владислав Черномордовтың әдемі голымен ашылды, ал екінші таймның 14-минутында Арнольд Кнауб есепті 2:0-ге жеткізді.

– Бүгін психологиялық тұрғыдан бізге қиын болды. Қарсыласымызды оңай жеңеміз деп ойладық. Бірақ олар өте жақсы ойын көрсетіп, физикалық тұрғыдан өздерінің мықты екендігін байқатты. Жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз, бастысы, үш ұпай еншімізде, – дейді Қазақстан құрамасының ойыншысы Владислав Черномордов.

Бұл кездесудің алдында дәл осы қос құраманың қыздары қызықты ойын көрсетіп, жаңкүйерлерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған болатын. Алайда Жаңа Зеландия ойыншылары Қазақстаннан басым түсіп, 5:3 есебімен 3 ұпайға ие болды. Біздің құрамнан Әлия Сәдуақасова екі рет, ал Камал Құдайбергенова бір рет көзге түсті.

Әлем чемпионаты 26 тамыз күні аяқталады. Ойындар Almaty Arena және Halyk Arena мұз кешендерінде өтуде. Оған 16 ерлер және 9 әйелдер құрамасы қатысуда. Ертең сағат 16:00-де Қазақстанның әйелдер құрамасы Португалиямен кездеседі, ал ерлер құрамасы Болгарияға қарсы өнер көрсетеді. Басталуы: 20:00-де. Екі кездесу де Almaty Arena-да болады.

Хабар 24 телеарнасы