352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда футболдан ардагерлер арасында ел біріншілігі басталды

  • 107
Алматыда футболдан ардагерлер арасында ел біріншілігі басталды

Екі топқа бөлінген 7 команда өзара жүлделі орындарды сарапқа салуда.

Әзірше бірінші турдан кейін Алматының «Райымбегі» жеке дара көш бастап келеді. Олар кеше Тараз құрамасымен кездесіп, 4:0 еебімен жеңіске жетті. Бірінші турда Қызылорданың «Қайсарын» 3:2 есебімен ұтқан павлодарлықтар да жүлделі орыннан дәмелі.   Шымкенттен келген ардагерлер алғашқы кездесуін бүгін өткізеді. Бір кездері ұлттық құрама сапында жасындай жарқылдаған Ойрат Садуов пен Мұрат Есмұратов секілді ардагерлерді шау тартып қалған демесеңіз  шеберліктеріне әлі күнге дейін ешкім шек келтірмейді. Жасыл алаңда ала допты жусатып өргізген футболшылар жастарға үлгі боларлық ойын көрсетті. Осы жарысқа алыстан ат терлетіп келген қаратаулықтар да алаң иелеріне кәдімгідей қарсылық танытты.

Дүйсен Төлегенов, «Қаратау» командасының жаттықтырушысы:

-  Бала кезде ойнаған балалар бір-бірімен кездесіп, мынадай үлкен қалада, бір-бірімен сұхбаттасып, әңгімелесіп жатыр. Жарыстың тағы бір мақсаты жастарға үлгі болсын дейміз.  

Хабар 24 телеарнасы