359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Азиада-2018: Қазақстан қоржынына 8-ші қола медаль түсті

  • 98
Азиада-2018: Қазақстан қоржынына 8-ші қола медаль түсті Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Индонезияда өтіп жатқан ХVIII Жазғы Азия ойындарында семсерлесуден Қазақстан әйелдер құрамасы ел қоржынына сегізінші қола медалді салды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

ҚР ҰОК-тің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін семсерлесуден Қазақстан әйелдер командасы Қазақстан қоржынына 14-ші жүлдені салды. Тамара Почекутова, Әйгерім Сарыбай, Айбике Хабибуллина және Татьяна Приходько жартылай финалда Қытай құрамасына жол берді. Есеп – 25:45. Семсерлесу спортының ережесі бойынша жартылай финалда жеңіліс тапқан команда автоматты түрде қола жүлдеге иелік етеді. Осылайша, жақында ғана Азия чемпионатынан жүлделі оралған семсерлесуші қыздар Азия ойындарында да үздіктер қатарына енді.

Хабар 24 телеарнасы