356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Азиада-2018: еліміздің қоржынында 18 медаль бар

  • 179
Азиада-2018: еліміздің қоржынында 18 медаль бар

Бірер жыл бұрын Баландин орнатқан рекорд жаңарды. Индонезия астанасында жазғы спорт түрлері өкілдері үшін жылдың басты бәсекесі өтіп жатыр.

Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде жүзу бойынша бәсекелер болды. Қазақстан мақтанышы Дмитрий Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуде финалға шықты. Бірақ іріктеу сынында оны Ян Зибей басып озды. Ол үздік нәтиже көрсетумен қатар, өткен Азия ойындарында Баландин орнатқан рекордты 0,01 секундқа жаңартты. Яғни, жаңа көрсеткіш 59,91 секундқа тең. Баландиннен бөлек дәл осы жарыстың финалдық сынына қазақстандық Әлібек Қамзенов та жолдама алды. Ол іріктеу сынында 14-орынға тұрақтады. Айта кетейік, Азия ойындары 2 қыркүйекке дейін жалғасады. Әзірге ұлттық құрама қоржынында 18 медаль бар.

Хабар 24 телеарнасы