356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Азиада-2018: Еліміз төртінші алтын медальді жеңіп алды

  • 152
Азиада-2018: Еліміз төртінші алтын медальді жеңіп алды

Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан қоржыны тағы бір алтынмен толықты.

Джиу-джитсудан 62 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Дархан Нортаев алтын жүлдеге қол жеткізді. Ол 1/8 финалда қырғызстандық Әбілдабек Кекеновты 2:0 есебімен ұтқан. Артынша ол Біріккен Араб әмірлігінің спортшысынан айласын асырды - 4:0. Финалда БАӘ-нің тағы бір өкілімен кездесіп, қарсыласын тізе бүктірді.  

Айта кетейік, бұл еліміздің Азиададағы төртінші алтыны. Бұған дейін семсерші Дмитрий Алексанин жеңіс тұғырына көтерілсе, кейін велосипедші Алексей Луценко екі рет алтын жүлде жеңіп алды.

prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы