352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада қазақ күресінен Азия чемпионаты өтеді

  • 236

25 тамыз күні Астанада «Дәулет» спорт кешенінде қазақ күресінен Азия чемпионаты өтеді. Жарысқа  11 мемлекеттен 80-ге жуық  спортшы қатыспақ.

Балуандар 9 салмақ және абсолюттік дәреже бойынша сынға түседі. Азия чемпионатына тұңғыш рет Қазақ күресінен Шри-Ланка, Жапония және Иран секілді елдердің балуандары қатысқалы отыр. Бүгінде бұл спорт түрінің  танымалдығы артып келеді.  Осы жылдың шілде айында қазақ күресінен Батумиде Еуропа чемпионаты өткен болатын. Қазақ күресі халықаралық қауымдастығының президенті Қанат Бозымбаевтың айтуынша, спорттық дода жоғары деңгейде ұйымдастырылмақ. 

Қанат Бозымбаев, қазақ күресі халықаралық қауымдастығының президенті:

- Жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен марапатталатын болады. Түйе палуан 3 мың доллар иеленеді. Аталған чемионаттың әділ өтуін 16 төреші қадағалайтын болады. Қазақстандық болады. Қалған 10-ы шетелдің тәжірибелі төрешілері. Украина, Ресейден, Грузиядан, Латвиядан, Тәжікстаннан, Израильдан да бір төреші бар. Польшадан бар.

Хабар 24 телеарнасы