352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Азия чемпионаты: Қазақ күресінен отандастарымыз командалық есепте топ жарды

  • 136
Азия чемпионаты: Қазақ күресінен отандастарымыз командалық есепте топ жарды

Бүгін елордада қазақ күресінен алғаш рет Азия чемпионаты өтті.

Құрлықтық додаға 20 мемлекеттен 80 спортшы қатысты. Командалық есепте отандастарымыз топ жарды. Олардың еншісінде 5 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде бар. Атап айтқанда Ербол Алдухан 55 келіде үздік атанса, 60 келіде Оспан Дауылбай, 82 келіде Ерсін Сейітқазынов, ал 90 келіде Әділжан Ыстыбаев тұғырдың ең биік сатысынан көрінді. Абсолютті салмақта белдескен Айбек Нұғымаров та алтыннан алқа тақты. Моңғол балуандарына келсек, олар 3 бірдей салмақта жеңіске жетті. Сондай-ақ Түрікменстан командасының еншісінде 1 алтын бар.

Хабар 24 телеарнасы