359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Азиада-2018: Каратэші Гузалия Ғафурова финалға өтті

  • 68
Азиада-2018: Каратэші Гузалия Ғафурова финалға өтті

Бүгін Джакартадағы жазғы Азия ойындарында каратэшілер сайысы жалғасуда.

68 келіде сынға түскен Гузалия Ғафурова Азиаданың финалына өтті деп хабарлайды Olympic.kz.

Гузалия бірінші айналымда өзбекстандық қарсыласын 3:0 есебімен жеңді. Екінші айналымда қазақстандық спортшы Иран өкілінен басым түсті.

Ал жартылай финалда вьетнамдықпен кездескен Ғафурова 8:5 есебімен жеңіске жетті.

Финалда Гузалия Ғафурова қытайлық спортшымен Азиада алтынына таласады.

Хабар 24 телеарнасы