369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Азиада-2018: Бүгін қазақ боксшылары кімдермен жұдырықтасады

  • 230
Азиада-2018: Бүгін қазақ боксшылары кімдермен жұдырықтасады Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында бүгін шаршы алаңға шығатын қазақстандық боксшылардың қарсыластары белгілі болды.

Бұл туралы Olympic.kz хабарлайды.

ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін Теміртас Жүсіпов, Қайрат Ералиев, Бекдәулет Ибрагимов және Әбілхан Аманқұл бастаған төрт боксшымыз Азия ойындарындағы алғашқы кездесуін өткізеді.

Олардың қарсыластары мыналар:

49 келі. Теміртас Жүсіпов - Цубой Томоя (Жапония)

56 келі. Қайрат Ералиев - Чатчай Бутди (Таиланд)

64 келі. Бекдәулет Ибрагимов - Ванг Ганг (Қытай)

75 келі. Әбілхан Аманқұл - Апхисит Кананхокхкруеа (Таиланд)

Бокс бәсекелері бүгін астана уақытымен 13.00-де басталады.

Хабар 24 телеарнасы