352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Жанкүйерлерді құрметтемейтін өтірікші» – Головкин «Канело» жайлы

  • 112
«Жанкүйерлерді құрметтемейтін өтірікші» – Головкин «Канело» жайлы REUTERS

Орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин Лос-Анджелесте өткен ашық жаттығу барысында қарсыласы Сауль «Канело» Альварес туралы өз ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Екінші кездесу 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.

«Альварес – чемпион емес. Ол боксты да, жанкүйерлерді де сыйламайды. Мен әлем чемпионы болып қалып, үйіме өз белбеулеріммен оралғым келеді. Мен тағы бір кезекті Big Drama Show-ға дайынмын. Жаттығу кезінде мен «Канело» жайлы ойламаймын. Мен өз жұмысымды жасап, 15 қыркүйекте «Канелоға» жекпе-жекте паш етемін.

Бірінші кездесуімізде мен оның соққыларын сезіне алмадым. Ол жай ғана шапалақ секілді тиді. Ол мықты панчер емес, одан да мықтыларымен жұдырықтасқанмын. Алайда ол шапшаң қозғалады. Ол менің ең тәжірибелі қарсыласым шығар», - деді Головкин.

Хабар 24 телеарнасы