352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин «Канеломен» жекпе-жекте жеңісіне толық сенімді еместігін айтты

  • 151
Головкин «Канеломен» жекпе-жекте жеңісіне толық сенімді еместігін айтты boxingscene.com

Боксшы мұның жалғыз себебін айтты.

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) FightHub TV арнасына берген сұхбатында мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қарымта кездесуге қатысты сұрақтарға жауап берді.

Қарымтаға өзгерту керек тұстар жайлы:

«Өзімді жайлы сезінемін. Жаным тыныш. Алғашқы жекпе-жек жақсы тәжірибе болды, не істеу керектігін білемін. 15 қыркүйекте бәріне көрсетемін. Ненің қалай екені туралы көп айта бергім келмейді, күш, денеге соққы мен сол сияқтыларды. Қарымтада жеңетініме сенемін».

Жекпе-жек толық 12 раундқа созылса, жеңетініне сенімді ме:

«Иә десе де, жоқ десе де болады. Күшімді сезіп тұрғандықтан иә деймін, өзімді өте жайлы сезініп жүрмін. Ал мұның бизнес болғандығынан жоқ деймін, Вегас – ол сұмдық бизнес».

Жекпе-жекке жоспар туралы:

«Бір ғана жоспарым бар. Оны сабағым келеді. «Канело» көп қозғалған жағдайға да жоспарым бар».

Еске салайық, боксшылар арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылы қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен. 12 раундқа созылған жекпе-жек төрешілердің даулы шешімі бойынша тең аяқталды.

Ақпарат көзі: Vesti.kz

Осы тақырыптағы ұқсас жаңалықтарды оқи отырыңыздар:

Головкиннің Альвареспен өтетін жекпе-жек алдында жаттығуының видеосы жарияланды

Головкиннің бапкері «Канеломен» өтетін екінші жекпе-жекке қатысты екі сценарий ұсынды

Әлемнің экс-чемпионы Головкин мен Альварес реваншына болжам жасады

«Головкин – екіжүзді». Альварес GGG өзін жарнамалай беретінін айтады

«Жанкүйерлерді құрметтемейтін өтірікші» – Головкин «Канело» жайлы

 

Хабар 24 телеарнасы