359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жекпе-жек бастала сала рингтен қашқан боксшыны өмір бойына шеттету ұсынылды

  • 103
Жекпе-жек бастала сала рингтен қашқан боксшыны өмір бойына шеттету ұсынылды

Осылайша, қарсыласы тарихтағы ең жылдам жеңіске жеткен.

Ауыр салмақта жұдырықтасатын америкалық Кертис Харпер (13-6, 9 KO) Нигериядан келген Ефе Аджагбамен (6-0, 5 KO) жұдырықтасу орнына рингтен кетіп қалуына байланысты дау әлі басылар емес, - деп хабарлады Vesti.kz vRINGe.com-ға сілтеме жасап.

Оқиға АҚШ-тың Минеаполис қаласындағы Premier Boxing Champions турнирінде 26 тамызда болған.

Харпердің бапкері боксшының не істемек болғанынан бейхабар болғанын айтады. Ал боксшының өзі жекпе-жек үшін аз ақша төленіп, сыйластық танытылмағаны үшін кетіп қалғанын түсіндірді.

Осы оқиағаға байланысты Ефе Аджагбаның бапкері Ронни Шилдс мұндай қылық үшін Харперді өмір бойына бокстан шеттету керек деген ойда.

«Мұндай үшін бокстан өмір бойына шеттету, қуу қажет. Оған рингке оралуға рұқсат бермеу керек. Қайтадан солай істесе ше, бұл шоудың басты оқиғасы болғанда ше? Адам жекпе-жектің келісімшартына қол қойды. Оған тәуліктік ақы, қонақүйдің ақшасы төленді. Одан бас тартқан жоқ қой.

«Осыдан кейін арқаннан аттап, рингтен шығып кетті. Сұмдық қой. Бәріне қол сілтеді. Жекпе-жекті көру үшін ақша төлеген жанкүйерлерге түкіргені бар. Ол өзіне де, боксқа да зиян келтірді. Бокс атын былғады», - дейді Шилдс.

Хабар 24 телеарнасы