352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтеді

  • 220

31 тамызда Астанадағы «Алау» мұз сарайында аралас жекпе-жектен кәсіпқойлар арасында халықаралық турнир өтеді.

«Есіл жағасындағы жекпе-жек» сайысында біздің жігіттерге Өзбекстан, Ресей және Тәжікстандық спортшылар қарсылас атанады. Асу Алмабаев, Бақтияр Несіпбек, Рүстем Ақжанов және Жұман Жұманбеков секілді сайыпқырандар жарыс алаңына шығады. Үш бірдей промоушеннің ұйымдастыруымен өтетін 14 жекпе-жектің басты сайысы Жалғас Жұмағұлов пен ресейлік Тагир Уланбеков арасында болады. Спортшылар «файт найтс глобал» тұжырымының чемпиондық белбеуін сарапқа салады. Жанкүйерлер бұл турнирді «Хабар» арнасынан көре алады. 

Данияр Қасқарауов, АLASH PRIDE FC президенті:

- Жалғас Жұмағұлов кейінгі кезде көзге қатты түсіп жүрген спортшылардың бірі. Енді осы үлкен Fight Nights Global белбеуі Қазақстанда бірінші рет ұтса келеді деп ойлаймыз. Қарсыласын бағаламауға болмайды. Өте жақсы спортшы. Алты кездесудің бәрінде жеңіске жеткен. Жаңағы Хабиб Нурмагомедов бәрі бір командадан.

Хабар 24 телеарнасы