352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин «Канеломен» жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады

  • 81
Головкин «Канеломен» жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады © Comments.u

Боксшы алғашқы жекпе-жек өткен орынға оралатынын дұрыс деп санайды.

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қарымта жекпе-жекті анық басымдықпен аяқтайтындықтан төрешілермен дау тумайды деген ойда.

«Қарымтаның сол бір орында өтетіні дұрыс. Осы жолы төрешілер шешіміне қатысты күйініш болмайды. Алғашқы жекпе-жекті жеңіспен аяқтап, барлық чемпиондық белбеуді тағып кеттім. Екінші жекпе-жекті де жеңіспен аяқтамақпын. Бұл менімен бокс үшін қымбат түн, T-Mobile аренасындағы рекордты жекпе-жек болады», - деп келтіреді Головкиннің сөзін boxingscene.com.

Еске салайық Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы орында боксшылар алғаш рет жұдырықтасқан болатын. Бұл кездесуге қазақстандық боксшы барлық белбеуін тігеді, сонымен бірге, жеңімпазға бос тұрған The Ring чемпиондығы мен WBC ұйымының арнайы белбеуі табысталады.

Ақпарат көзі: Vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы