363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дзюдошы Елдос Сметов Джакартада ауруханаға түсіп қалды

  • 168
Дзюдошы Елдос Сметов Джакартада ауруханаға түсіп қалды Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшысы Елдос Сметов Джакартада ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бірінші айналымда қарсыласын айқын басымдықпен жеңген Елдос екінші кездесуде Солтүстік Корея балуанынан ескрету санымен ұтылған болатын.

Осы жекпе-жектен соң Елдос Сметовті ауруханаға алып кетті.

«Жаңа ғана Елдосты жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті. Рентгеннен өткізеді. Екінші белдесу кезінде жарақат алған. Оң жақ қабырғасы сынды деген болжам бар», - дейді дзюдодан Қазақстан командасының дәрігері Наталья Кудашева.

Айта кеткен жөн, Елдос Сметов жұбаныш белдесуіне де шыққан жоқ.

Хабар 24 телеарнасы